Kaspi 2025 жылға тағы 4 мың теңгеден дивиденд төлейді

Kaspi Bank акционерлері 2025 жылдың қорытындысы бойынша жай және артықшылықты акциялардың әрқайсысына 4000 теңгеден дивиденд төлеуді мақұлдады. Төлемдер 25 қыркүйектен басталады.

Шешім 25 қыркүйекте өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.

Банктің 2025 жылғы қаржылық есептілігіне сәйкес, акциялардың 94,4%-ы Kaspi Group-қа, тағы 4,55%-ы Kaspi.kz-ке тиесілі. Қалған 1,05% акция басқа акционерлер арасында бөлінген.

2025 жылдың соңындағы дерек бойынша Kaspi Bank-тің түпкі бенефициарлары:

  • Baring Vostok қорлары – 22,98%;

  • Михаил Ломтадзе – 22,34%;

  • Вячеслав Ким – 20,52%;

  • жария инвесторлар – 30,3%;

  • менеджмент – 3,83%.

Дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 24 қыркүйектегі жағдай бойынша жасалған.

2025 жылдың соңында айналымда 18 345 540 жай акция және 372 484 артықшылықты акция болды. Бір акцияға 4000 теңгеден төленетін дивидендтің жалпы көлемі 74,8 млрд теңгені құрайды.

Бұған дейін, 2026 жылғы маусымның соңында, Kaspi Bank акционерлеріне 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға 1600 теңгеден, жалпы 29,95 млрд теңге дивиденд төленген болатын.

Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша банк акционерлеріне төленетін дивидендтің жалпы сомасы 104,75 млрд теңгеге жетеді.

Kaspi Bank 2025 жылы 571,5 млрд теңге таза пайда тапқан.