«KEGOC» АҚ акционерлерінен 2023 жылдың екінші жартыжылдығындағы таза пайданың 97%-ын дивиденд түрінде төлеу сұралды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Бұл мәселе мамыр айында өтетін жыл сайынғы жалпы жиналыстың күн тәртібінде.
«Акционерлердің жалпы жиналысында оң шешім қабылданса, 2023 жылдың екінші жартыжылдығында бір жай акцияға шаққандағы дивиденд 79,5 теңгені құрайды. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ акционерлерге бір жай акцияға 77,74 теңге көлемінде дивидендтер төледі», - делінген ақпаратта.
Жалпы алғанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл 42,1 млрд теңге сомасында таза пайданың 97%-ын немесе бір жай акцияға шаққанда 157,24 теңгені құрайды.