Жедел деректер бойынша KEGOC-тың 2023 жылғы жалпы пайдасы 2022 жылмен салыстырғанда 39%, 50,9 млрд теңгеден 70,5 млрд теңгеге дейін өсті.
Түсім 251,9 млрд теңгені құрап, 2022 жылға қарай 34,7 млрд теңгеге немесе 16% артты. Арту негізінен реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша көлемдер мен тарифтердің өсуіне байланысты болды.
Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 42,7 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 15,9 млрд теңгеге немесе 60% жоғары (2022 жылғы таза пайда 26,7 млрд теңге).
2023 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу 2024 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асырылады. Компания дивидендтік саясатты жаңартты, оған сәйкес дивидендтерді төлеуге таза пайданың кемінде 60%-ы жұмсалатын болады. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер жылына 2 рет төленеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша компания 20,2 млрд теңге немесе таза пайданың 87%-ы мөлшерінде дивидендтер төледі. 2023 жылғы таза пайданың бұрын күтілгенмен салыстырғанда (31,5 млрд теңге) өсуін ескере отырып, KEGOC 2023 жылдың екінші жартыжылдығында дивидендтер төлеу мөлшерін арттыру мәселесін қарайды.
Есептік кезеңде «KEGOC» АҚ жүйелік оператор ретінде Қазақстан БЭЖ-інің сапалы жұмысын қамтамасыз етуді және ел тұтынушыларын электрмен сенімді жабдықтауды жалғастырды.
Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну 2023 жылы 115,1 млрд кВтсағатты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,9% артық. Электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемі 39,2 млрд кВтсағатты, Ұлттық электр торабын пайдалану бойынша қызмет көрсету көлемі – 36 млрд кВтсағатты құрады.