Шетелдік инвесторлар «KEGOC» АҚ-ның SPO кезінде ұсынылған акцияларының 1%-ын сатып алды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
«Орналастыру бойынша акциялардың түпкілікті көлемі мынадай: бөлшек инвесторлар 67%-ын, институционалдық инвесторлар орналастырудың 32%-ын және бөлшек инвесторлар-шетел азаматтары орналастырудың 1%-ын құрады», - деді.
Оның айтуынша, қазақстандықтар құны 15 млрд теңгеден асатын 10 милн-нан астам акция сатып алуға өтінім берген. 7 қарашада директорлар кеңесі мен үкімет шешім қабылдады. Осылайша, «Самұрық-Қазына» қорының үлесі 90%-дан 85%-ға дейін төмендейді. «KEGOC» АҚ акцияларының еркін айналымдағы үлесі 2,7%-дан 8,1%-ға дейін өсті (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі акцияларды қоспағанда).
Инвесторлардан жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеден астам сомаға барлығы 50 мыңнан астам өтінім келіп түсті, бұл орналастырудың жоспарланған көлемінен 1,5 есеге асып түсті. Жиналған өтінімдерді талдау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 22,6 млрд теңгеден астам өтінімдерді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды, бұл жарияланған акциялардың максималды санына – 15,3 млн жай акцияларға (жалпы санның 5,6%) сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының азаматтарынан акцияларды сатып алуға түскен өтініштер толық көлемде қанағаттандырылды. Инвесторлардың қанағаттандырылған өтінімдері келесідей бөлінді: Қазақстан азаматтарынан – 15,2 млрд теңгеге (67%), қазақстандық заңды тұлғалардан – 7,2 млрд теңгеге (32%), шетелдік жеке тұлғалардан түскен өтініштер – теңге (1%) 300,5 млн теңге.
Қайталама орналастыру (SPO) кезінде «KEGOC» АҚ жай акцияларына инвесторлардың сұранысы ұсыныстан бір жарым есе асып түсті, деп хабарлады «Самұрық-Қазына».
Инвесторлар арасында үлесті бөлу 7 қарашада аяқталды. Бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының, одан кейін Қазақстанның заңды тұлғаларының және шетелдік инвесторлардың өтініштері қанағаттандырылды. Бұл ретте бір инвестор үшін акциялардың жоғары шоғырлануына әкелетін өтінімдер ішінара қанағаттандырылуы немесе қабылданбауы мүмкін.