KEGOC акционерлері  I жартыжылдығындағы таза пайдасының 64,5% немесе 22 млрд теңгені дивиденд төлеуге бағыттау туралы шешім шығарды. Осылайша, «KEGOC» АҚ бір жай акциясына төленетін дивидендтің мөлшері 82,40 теңгені құрады. 

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығына дивидендтерді төлеу 2024 жылдың 1 қарашасында басталады. Дивидендтерді төлеу қаражатты қолма-қол ақшасыз, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ төлем агенті арқылы акционерлердің шоттарына аударылады. 

«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер жылына 2 рет төленеді. Дивидендтерді төлеуге таза пайданың кем дегенде 60%  бөлінеді. 2014 жылдан бері акционерлерге төленген дивидендтердің жалпы сомасы 260 млрд теңгеден асты.