«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2024 жылғы 11 қазандағы шешіміне сәйкес компания 2024 жылғы бірінші жартыжылдық қызметінің қорытындылары бойынша таза пайданың 64,5%-ын, яғни 22,7 млрд теңге мөлшеріндегі сумманы дивидендтер төлеуге жолдады, бұл бір жай акцияға шаққанда 82,40 теңге. 

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар компания акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 28 қазанда 00 сағат 00 минутқа тіркелді. 

«KEGOC» АҚ акционерлер алдындағы барлық міндеттемелерді орындайды. «KEGOC» АҚ акционерлеріне жылына 2 рет дивидендтер төлейді. 2023 жылы компания дивидендтік саясатын жаңартты, оған сәйкес дивидендтерді төлеуге таза пайданың кем дегенде 60%-ы жұмсалады. 2014 жылдан бастап акционерлерге төленген дивидендтер сомасы 280 млрд теңгеден асты.