Аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында KEGOC таза пайдасы 35,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 53% жоғары (23,0 млрд теңге). 

Акционерлердің жалпы жиналысында оң шешім қабылданған жағдайда, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында KEGOC акционерлеріне 22,7 млрд теңге сомасында таза пайданың 64,5%-ы бөлінетін болады, яғни бұл бір жай акцияға 82,40 теңгені құрайды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша KEGOC акционерлерге таза пайданың 97%-ын, яғни 42,1 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі. Бұл бір жай акцияға шаққанда 157,24 теңгені құрады. 

KEGOC жылына екі рет дивиденд төлейді және таза пайданың кем дегенде 60% дивиденд төлеуге жұмсалады. 

2014 жылдан бастап компания жалпы сомасы 260 млрд теңгеден астам дивиденд төледі.