KEGOC АҚ 2024 жылдың 02 мамырында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдерін хабарлады. 

Акционерлер мынадай шешім қабылдады:

  • компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:
  • 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша бұрын төленген 20 212 291 941,40 теңге мөлшеріндегі дивидендтерді ескере отырып, 21 885 771 876,00 теңге дивидендтер төлеуге  жіберілсін;
  • 1 298 325 182,60 теңге мөлшерінде қалған сома компанияның иелігінде даму мақсаттарына қалдырылсын.

Осылайша 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, KEGOC АҚ акционерлерге бір жай акцияға 77,74 теңге көлемінде дивидендтер төледі.

Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл 42,1 млрд теңге көлеміндегі таза пайданың 97%-ын немесе бір жай акцияға шаққанда 157,24 теңгені құрайды.