«KEGOC» АҚ ағымдағы жылдың соңында акционерлерге бір жай акцияға 145 теңгеден дивиденд төлеуі мүмкін, деп хабарлады компанияның басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.
«Айта кетейік, SPO қарсаңында дивидендтік саясатқа өзгерістер енгізіліп, дивидендтерді бөлу мөлшері таза пайданың 40-тан 60%-ға дейін ұлғайтылды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында «KEGOC» АҚ 20,2 млрд теңге көлемінде дивидендтер төледі. 2023 жылдың екінші жартыжылдығына күтілетін дивидендтерді ескере отырып, 2023 жылға дивидендтердің жалпы сомасы бір акцияға шамамен 145 теңгені құрауы мүмкін», - деді.
Шығарылған жай акциялардың саны 1 қазандағы жағдай бойынша 260 млн бағалы қағазды, жарияланған жай акциялардың саны 275,3 млн.
«KEGOC» АҚ бірінші жартыжылдықта алған таза пайданың 87,81%-ын аталған кезеңге дивидендтер төлеуге бөлді, деп хабарлады компания. Дивидендтерге 20,2 млрд теңге немесе бір акцияға 77,74 теңге бөлінді. Дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 26 қыркүйек күні сағат 00:00-де бекітілді. Дивидендтер 16 қазаннан бастап 90 күн ішінде төленеді. 2,8 млрд теңгені немесе таза пайданың 12,19%-ын акционерлер компанияны дамытуға қалдырды. 2022 жылдың соңында KEGOC бір акцияға 116,03 теңге төледі (әр жартыжылдық үшін тиісінше 65,44 және 50,59 теңге).
«KEGOC» АҚ 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында таза пайданың 64,3%, 23 млрд теңгеге дейін өскенін хабарлады. Жыл соңында компания 2022 жылғы 26,7 млрд теңгемен салыстырғанда 31 млрд теңге табыс алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен «KEGOC» АҚ Эмитент күнінде «KEGOC» АҚ қаржы және бухгалтерлік есеп жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева айтты.
Биыл компания таза пайданың 70–80% (22,5–25,2 млрд теңге) көлемінде дивидендтер төлеуді жоспарлаған. Әкімбаева 2022 жылы төлемдер сомасы таза пайданың 112,8%-дан астамын (30,17 млрд теңге) құрағанын еске салды. Нормативтік актілер пайданың кемінде 40% дивидендтер төлеуді белгілейді. 2014 жылы «KEGOC» АҚ IPO-ға шығарылғаннан бері акционерлерге шамамен 218 млрд теңге төленді.