2021 жылы KAZ Minerals Тобы жыл басында 299 мың тонна мыс өндірді. Жоспарлы көрсеткіш 275-295 мың тонна деп белгіленген еді.
Компанияның мәліметінше, соның ішінде Ақтоғайды кеңейту жобасының өндірісі ерекше қарқынмен өсуде.
2021 жылдың қазан айында Ақтоғайда сульфидті кенді өңдейтін екінші байыту фабрикасы іске қосылды, төртінші тоқсанда алғашқы мыс концентраты тұтынушыларға жөнелтілді. Өндірісті ұлғайту қарқыны күткеннен асып түсті: жаңа жабрика ұзақ уақыт бойы жобалық қуатта жұмыс істеп шықты.
Төртінші тоқсанда мыс өндірісі екінші байыту фабрикасы іске қосылғаннан кейін Ақтоғайдағы өндірістің ұлғаюы есебінен 2%-ға, яғни, 75 мың тоннаға дейін (2021 жылғы 3-тоқсан: 74 мың тонна) өсті. Бұл Бозшакөлдегі, Шығыс өңірдегі және Бозымшақтағы өндірістің азаюын өтеді. Аталған өңірлерде кендегі металл мөлшері азайды.
Алтынның жылдық өндірісінің 167 мың унция көлемі Топтың 160-180 мың унция мақсатты көрсеткішіне сәйкес келеді. KAZ Minerals күміс пен концентраттағы пен мырыш өндірісінде жоспарланған мақсатты көрсеткіштерден асып түсті.
2021 жылы мысты сату көлемі 253 мың тоннаға жетіп, өндіріс көлемінен 18%-ға аз болды. Өйткені жылдың екінші жартысында Топ темір жолдардың асыра жүктемелеріне тап болды. Бұл Қазақстан-Қытай шекарасындағы COVID-19-ға қарсы күрес шараларын күшейту жөніндегі шектеулерге де байланысты. Кейіннен тасымалдау уақыты едәуір қысқарды, ал қаңтарда жинақталған қорлар азайды.
Қаңтар айының басында бүкіл Қазақстанда тәртіпсіздіктер болды. Топ қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, мүлікке зиян келтірілген жоқ. Топ қызметінде аздаған іркілістер байқалды, қазір барлық кәсіпорындар толық қуатта жұмыс істеуде.
2020 жылы компания 306 мың тонна мыс өндірсе, 2021 жылы көрсеткіш 299 мың тонна болды.
Алтын өндіру 196 мың тоннадан 167 мың тоннаға азайды.
Күміс өндіру 3 374 мың тоннадан 3 417 мың тоннаға көбейді.
Концентраттағы мырыш 50 мың тоннадан 47 мың тоннаға азайды.