Катарлық Lesha Bank инвестициялық банкі 2024 жылдың 14 ақпанында «Бәйтерек» холдингімен Қазақстандағы банкті ықтимал сатып алу туралы алдын ала келісім жасасқаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Катар қор биржасы.
Инвестор банктің барлық жарғылық капиталына ие болатыны белгілі. Сондай-ақ мәміле тараптардың болашақта жасалатын түпкілікті келісімнің шарттарын сәтті келісуіне байланысты екені атап өтілген.
Айта кетейік, аталып отырған банк бір кездері ресейлік Сбербанк болған, қазірде мемлекет меншігіне өткен Bereke Bank.