Kaspi.kz 2024 жылдың I тоқсанында бір жай акцияға 850 теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады.
Мұндай шешім 22 мамырда өткен акционерлердің кезектен тыс жиналысында қабылданды.
Төлемнің басталу күні: 22 мамыр.
Акционерлер тізімін құру күні: 21 мамыр.
Қазіргі уақытта акцияның KASE-дегі бағасы 54 348 теңге.
2023 жылға компания акцияға 3200 теңге төлеген.