Kaspi.kz финтех холдингі акционерлерінің жалпы жиналысы бірінші тоқсанда бір акцияға 750 теңге көлемінде дивиденд төлеу туралы шешімді мақұлдады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.

Төлемдердің нақты сомасы көрсетілмеген. Kaspi.kz-тің айналыстағы акцияларының жалпы саны 190,4 мың. Бұл санды бір акцияға шаққандағы дивиденд сомасына көбейткенде, жалпы дивиденд көлемі 142,8 млрд теңге болады.

Сонымен қатар, биыл бірінші тоқсанында кәсіпорын 178 млрд теңге таза пайда алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52% жоғары. Өткен жылдың соңында таза пайда 620 млрд теңгені (36% өсті) құрады.

Kaspi.kz-тің ірі акционерлері: Баринг Восток (26,9% акция), Михаил Ломтадзе (23,4%) және Вячеслав Ким (22,3%).

Компанияның акциялары сонымен қатар KASE-де, ал жаһандық депозитарлық қолхаттар Лондон қор биржасында (LSE) саудаланады.