Kaspi Bank акционерлерінің жалпы жиналысында банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша 2023 жылға бір акцияға 6150 теңге көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы банктің Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы хабарламасында айтылған.

Дивидендтерді төлеу 2024 жылдың 23 қыркүйегінде басталғаны нақтыланды. Банк төленетін дивидендтердің жалпы сомасын көрсетпеді.

2024 жылғы 1 шілдедегі биржа деректері бойынша банктің орналастырылған жай акцияларының саны 19 500 млн, артықшылықты акциялары — 500 мың дана. Осылайша, шығарылған жай және артықшылықты акциялардың жалпы санын бір бағалы қағаз бойынша дивиденд мөлшеріне көбейткеннен кейін дивидендтер сомасы 123 млрд теңгеге жетеді деп болжауға болады.

Банктің 2023 жылғы қаржылық есебіне сәйкес, өткен жылы Kaspi Bank-тің таза пайдасы 475,9 млрд теңгені, 2022 жылы 362,9 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, биыл наурызда банк 2023 жылға 4 мың теңгеден дивиденд төлеген.