HeadHunter жұмыс іздеу сайтының қолданушылары арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, саяси көзқарас пен отбасы жағдайына қатысты сұрақтар үміткер үшін сұхбат кезіндегі ең ыңғайсыз сұрақтар.
Респонденттердің 82%-ы ыңғайсыздық тудыратын сұрақтарға тап болғанын айтты. Оның ішінде респонденттердің 75%-ы отбасы жағдайы мен болашаққа жоспарын, 12%-ы балалары туралы, 6%-ы саяси көзқарастарына қатысты сұрақтарға жауап бергісі келмейтінін мәлімдеген. Респонденттердің тек 2%-ы сексуалдық бағдар туралы сұрақтан қысылатынын жеткізген.
Алайда 70%-ы ыңғайсыз сұрақтар олардың жұмысқа орналасуына әсер еткен жоқ деп есептейді.
Сұхбат барысында қазақстандықтар үшін ең ыңғайсыз және қабылданбайтын сұрақтар саяси көзқарастар туралы сұрақтар болды — 18%, отбасылық жағдайы және болашаққа жоспарлары — 17%, жыныстық бағдар — 12%, декреттік демалысқа шығу жоспарлары — 10%.
Бұл ретте респонденттердің 15%-ы сұхбаттасу сұрақтарының ешқайсысын ыңғайсыз деп санамайтынын айтты.
Көбіне ыңғайсыз сұрақтар, қазақстандықтардың пікірінше, ыңғайсыз сұрақтар ең көп қойылатын салалар: қызмет көрсету – 18%, есеп және қаржы – 15%, маркетинг – 12%, сауда – 10%, заң саласы – 6% Мұндай сұрақтар медицина саласында – 3%, өнеркәсіп және IT – әрқайсысында 2% жиі қойылады.