Kaspi.kz директорлар кеңесі акционерлерге бір акцияға 1000 теңге көлемінде дивиденд төлеуді ұсынды.
Kaspi.kz директорлар кеңесі 9 қыркүйекте акционерлердің жиналысын жариялады. Жиынның күн тәртібінде компанияның қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлеу мәселесі қаралды.
Кеңес акционерлерге бір қарапайым акцияға 1000 теңге көлемінде дивиденд төлеуді бекітуді ұсынды. Kaspi.kz-те 199,5 млн айналымдағы акция бар екенін ескерсек, дивидендтің жалпы сомасы 199,5 млрд теңгеге жетуі мүмкін.