Кнопрокат нарығы негізгі екі компанияға тиесілі

Кнопрокат нарығы негізгі екі компанияға тиесілі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстанның кино нарығындағы бәсекелестік төмен екенін хабарлады. Елде екі ірі желі - Kinopark-Kinoplexx Theatres және Chaplin Cinemas орны басым.

Агенттік 2024 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстандағы кинопрокат нарығының көлемі 76,2 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Агенттік жүргізген талдау 60-тан астам қатысушының қызметін қамтыды және бәсекелестікке кедергі келтіретін елеулі кедергілерді анықтады.

Kinopark-Kinoplexx ең ірісі болса, Chaplin Cinemas екінші орында. Бірқатар өңірлерде кинопрокат қызметінде бір немесе екі ғана компания бар, бұл бәсекелестік жоқ деген сөз.