Jusan Business цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы Visa қолдауымен жеке кәсіпкерлерге эквайринг қызметтері үшін төмендетілген банк комиссиясы тиімді бағдарламаға қосылуға ұсынады.
Қаржылық шығындарын оңтайландыруға ұмтылатын барлық кәсіп иелері үшін Jusan POS-терминалдарындағы төлемдерді азайту бағдарламасы нағыз жаңалық болмақ. Небәрі 0,8% мөлшерлеме бұл бағдарламаны тиімді ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлердің кең ауқымы үшін қолжетімді етеді.
POS-терминалды 1 күнде тегін орнату және кассирлерге арналған ыңғайлы қосымша банкке барғандағы уақытты босқа кетірмей, үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама шағын бизнестегі айналымы жылына 45 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін арнайы әзірленген. Лимиттен асып кеткен жағдайда комиссия мөлшері стандартты тарифке өзгереді, бірақ бұл жағдайда да ол қызықтырақ болып қала береді: Jusan карталары үшін 1,5% және басқа да екінші деңгейлі банктердің карталары үшін 2,2%.
«Jusan Bank-те біз жеке кәсіпкерлердің жағында болғанымызды мақтан тұтамыз. Біздің міндетіміз – кәсіпкерлерге өз идеяларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Біз тек қаржылық қолдау көрсетпейміз, біз бизнестің әр қадамында сенімді серіктес болу үшін кәсіпкерлерге тиімді жолдарды ұсынуға ұмтыламыз. Jusan әрқашан инновацияларға ашық, біз клиенттеріміздің өз табыстарына сенімді болуын қамтамасыз ету үшін өзгермелі нарық тенденцияларына бейімделіп келеміз. Түптеп келгенде, біз жеке кәсіпкерлерді қолдау бизнеске инвестиция салу ғана емес, сонымен қатар экожүйені дамытуда, жалпы қоғамның гүлденуіне ықпал етеді деп есептейміз», – дейді кәсіпкерлік өнімді дамыту департаменті директорының орынбасары Айбек Жұмағалиев.
Jusan POS-терминалдарын пайдаланудың тағы бір еселі дәлелі – 12 немесе 24 айға несиеге алу және бөліп төлеу мүмкіндігі, сондай-ақ қашықтан төлем жасау үшін шот-фактуралар беру мүмкіндігі, бұл кәсіпкерлердің тұтынушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Jusan Business бағдарламаға қосылудың қарапайым қадамдарын ұсынады. Google Play немесе App Store-дан Jusan Business қосымшасында тек жеке кәсіпкерге шот ашқан бизнесмен «Эквайринг» бөлімінде Jusan POS-терминалына тапсырыс бере алады. Jusan Business мамандары бір күннің ішінде банк терминалын тегін орнатып, шығын материалдарымен қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда қызметкерлерге арнайы оқыту да жүргізеді.
Қашықтан тіркеу, тегін техникалық қызмет көрсету және қолайлы басқару – осы шаралардың барлығы Jusan POS-терминалдарымен сатып алуды, шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлер үшін ойын шартын өзгертетін құралға айналдырады.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.