Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін «Кселл» АҚ (+9,0%), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (+5,2%) және «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+2,5%) акциялары бағасының өсуі есебінен 2024 жылғы тамызда 0,2%-ға немесе 0,6 трлн теңгеге (2024 жылдың басынан бастап 23,3%-ға өсу) ұлғайып, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 33,0 трлн теңгені құрады.

KASE индексі 2024 жылғы тамызда 1,3%-ға 5 304,1 тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 26,7%-ға өсті).

Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «АҚ Алтыналмас» АҚ, «Алтай Ресорсиз» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен бір айда 83,4%-ға немесе 45,8 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы тамызда 9,1 млрд теңгені құрады.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді. 

«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 46 түрлі акция, 55 шетелдік эмитенттің 12 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі негізінен Apple Inc., NVIDIA Corp. және Tesla, Inc. акцияларының сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен  бір айда 64,6%-ға немесе 5,2 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы тамызда 2,9 млрд теңгені құрады.