Үкіметтің мәліметінше, депутаттардың сауалына орай капиталды қайтару аясында құқық қорғау органдарына 453 млрд теңгенің 204 материалы берілген. Оның ішінде Қаржы мониторингі агенттігіне – 441 млрд теңгенің 9 материалы, Ішкі істер министрлігіне – 12 млрд теңгенің 195 материалы. Оның ішінде 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде Ішкі істер министрлігінде – 50 адам, ҚМА-да – 6 адам, деп хабарлайды LS.
Сондай-ақ күмәнді 2,3 млрд доллар сомасына сыртқы экономикалық қызметтің 2,2 мың қатысушысы туралы ақпарат одан әрі талдау үшін ҚМА-ға жіберілді.
Бұдан бөлек, Еуропалық Одақ, Түркия және БАӘ елдеріне осы елдердің кедендік аумағына кіру кезінде қолма-қол шетел валютасын декларациялаған 340 жеке тұлға туралы ақпарат алу үшін сұраныстар жіберілді.
Ақпарат 71 елдің 53 елінен алынды. 91,1 млрд теңгесі бар 4,5 мың адам туралы ақпарат талданды. Заңбұзушылықтар анықталып, 11 жеке тұлғаға 262,1 млн теңгеге (шетелдегі банк шоттарында ақша қалдығы туралы мәліметтерді көрсетпеу бөлігіндегі бұзушылық) шара қолданылды.
Нәтижесінде халықаралық салық салу бойынша ақпараттық-салық бақылауын әкімшілендіру шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары жалпы сомасы 13,3 млрд теңгеге салықтарды есептеді.
Естеріңізге сала кетейі, бұған дейін Қазақстаннан 140-160 млрд теңгенің заңсыз шығарылғанын хабарлаған едік.