Сәуірде сауда секторындағы тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі 4,5 трлн теңгені құрады, бұл статистика бюросы деректері бойынша бір жыл бұрынғы салыстырмалы бағаға қарағанда 0,6% аз.
Жеке айдың қорытындысы бойынша мұндай жылдық төмендеу сауда саласында 2022 жылдың қыркүйегінен бері алғаш рет байқалуда. Ол кезде бөлшек сауда түсіп кетсе, бұл жолы көтерме сауда ақсап тұр. Мұнда өсу наурызда баяулаған, ал қазір физикалық көлемдері жылдан жылға төмендеді, 2022 жылдың тамызынан бері алғаш рет және бірден 3,3%.
Алайда көрсеткіштерді сәуір бойынша ғана емес, 2024 жылдың 4 айы бойынша бағаласақ, жалпы сауда саласы бойынша өсім әлі де сақталып тұр (жылдан жылға +2,3%). Атап айтсақ, көтерме саудада 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы физикалық көлемдер қайтадан аздап өскен, бірақ нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай емес, +1%.
Бұл жерде мәселе 4 айдың қорытындысы бойынша 4,1% төмендеген азық-түлікке қатысы жоқ саудада болып тұр. Бұл бағыт барлық көтерме айналымдардың шамамен 80% құрайды, сондықтан оның төмендегені азық-түліктің күрт көтерілуін басып кетті (бір жылда +23,4%).