Теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау көлемі бірден 33% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.

Темір жол көлігі кәсіпорындарының кірісі 851 миллиард теңгеге жетті.

Биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша теміржол көлігі саласындағы компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 739,6 млрд теңгенің орнына 851 млрд теңгеге жетіп, құндық мәнде 15,1% өсті. Кірістің басым бөлігі дәстүрлі түрде жүк пен багажды тасымалдаудан алынған: 786,4 млрд теңге. Қалған 64,4 млрд теңге жолаушылар тасымалына тиесілі.

Биылғы сегіз айының қорытындысы бойынша, теміржол көлігімен 273 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен бірдей (0,2% ғана аз).

Ең көп жүк мен багаж Ақтөбе және Ақмола облыстарында, сондай-ақ елордада, ең азы Батыс Қазақстан облысында тасымалданған.

Еліміздегі жүк айналымы 5,4% өсіп, 206,2 млрд ткм құрады.

Биылғы қаңтар-тамыз айларында теміржол көлігімен 13,1 млн адам тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,6% артық.

Өңірлер бойынша жолаушылардың басым бөлігі елордада, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында, ең азы Батыс Қазақстан облысында тасымалданған.

2022 жылы жолаушылар айналымы 11,1 млрд пкм-ге жетті, бір жылда 38,4% өсті.