Премьер-министр Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров 2022 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.
Салалар бөлінісінде көрсеткіштердің өсімі:
- Нақты сектордағы өсім 3,4% құрады;
- Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік – 2,5%;
- Құрылыс – 8,6%;
- Ақпарат және байланыс – 6,5%;
- Сауда – 6,2%;
- Көлік және қоймалау – 5,6%
Инвестициялар:
- Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 4,5% - ға жетті
- Мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру 99,2% өсім көрсетті
- Білім беру – 74,8%
- Сауда – 26,4%
- Өңдеу өнеркәсібі оң қарқынын сақтап отыр: өсім - 4,9%.
Оң өсім 17 өңірде тіркелді. Өңірлер көрсеткіштері:
- ШҚО – 15,3%
- Алматы – 13,3%
- Қостанай облысы – 12,3%
- Абай облысы – 12,3%
- Шымкент – 9,6%
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсімі:
- Автомобиль жасау – 19,6%
- Компьютерлер, электронды және оптика құралдар жасау – 13,8%
- Химия өнеркәсібі тауарлары – 10,6%
- Сусындар – 9,1%
- Машина жасау – 7,7%
- Киім – 5,5%