2023 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 2208,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 12,9% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу 1662,2 млрд. теңгені құрады, 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда мұнда да көрсеткіш жоғары – 17,6%-ға.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 27,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 72,4%.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда фармацевтикалық тауарлар, мотор отыны, автомобиль, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, электр құралдарын сататын кәсіпорындарда байқалды.
2023 жылғы 1 наурызға сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1460,5 млрд. теңгені, сауда күндерінде 76 күнді құрады (2022 жылғы 1 наурызға сауда кәсіпорындарының тауар қоры – 1088,7 млрд. теңге, сауда күндерінде 72 күн болған).
2023 жылғы қаңтар-ақпанда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (30,5%) және Астана қалаларына (12,3%), Қарағанды (8,8%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына тиесілі.