Халыққа берілген несие 2024 жылғы қыркүйекте 1,5% ұлғайып, 19,5 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бастап 16,6% өскен). Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 1,6%, 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2024 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 5,8 трлн теңгеге дейін 1,2% өсті. Бұл ретте 2024 жылдың 9 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,4 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,0% артық.
Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредиттеудің оң серпіні жалғасуда – жыл басынан бері нарықтық шарттарда 498,2 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42,5% артық. Бұл ретте жеңілдікті ипотекалық кредиттер 875,8 млрд теңгеге берілді.
2024 жылғы қыркүйекте халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі негізінен тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлемелердің 19,7%-дан 20,6%-ға дейін ұлғайту есебінен 20,1%-ға (2024 жылғы тамызда — 19,0%) дейін өсті.
Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 01.10.2024 ж. кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі 3,2%-ды немесе 1,0 трлн теңгені (01.01.2024ж. – 2,9% немесе 864 млрд теңге) құрап, бір ай бұрынғы 3,1%-дан ұлғайды. 01.10.2024ж. халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 3,9%-ды немесе 759 млрд теңгені құрады (01.09.2024ж. – 3,9% немесе 740 млрд теңге, 01.01.2024ж. – 3,4% немесе 575 млрд теңге), ал бизнеске берілген кредиттер бойынша – 2,3% немесе 315 млрд теңге (01.09.2024ж. – 2,2% немесе 300 млрд теңге, 01.01.2024ж. – 2,3% немесе 289 млрд теңге).
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 69,6%-ды құрап, тұрақты болып сақталуда (01.01.2024 ж. – 75,9%).