Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады.

Жамаубаев өз сөзінде мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңгеден астам кіріс түсіп, жоспар 103% орындалғандығын атап өтті.

Республикалық бюджетке 5,4 трлн теңге түсті.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 128,9% орындалып, 2,6 трлн теңгені құрады. Жоспар 590 млрд теңгеге асыра орындалды.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,5%, республикалық бюджет шығын 98,8%, жергілікті бюджеттер шығыстары 98,9% орындалды.

Сондай-ақ, 2023 жылдың 5 айында 902 аудиторлық іс-шара өткізілгені атап өтілді. Аудитпен шамамен 380 млрд теңге қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша шамамен 55 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 43 млрд теңгеге бұзушылықтарды жойылды.