Шілде айының соңында қазақстандық банктердің жалпы таза пайдасы Ұлттық банктің статистикасына сәйкес 1,38 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 20%, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% жоғары. Жалпы, қазақстандық банктер шілде айында 232,1 млрд теңге табыс тапты.
Келесі банктер 2024 жылдың жеті айында ең жоғары табыс тапты:
- Halyk Bank – 444,1 млрд теңге (бір айда +19,3%);
- Kaspi Bank – 281,9 млрд теңге (+20,1%);
- ЦентрКредит Банкі – 101,7 млрд теңге (+20,6%);
- ForteBank – 89 млрд теңге (+21%);
- Jusan Bank – 83,7 млрд теңге (+18,1%).
Сондай-ақ жоғары пайданы Отбасы Банк (74,1 млрд теңге, бір айда +20%), тек корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін Ситибанк Қазақстан (61 млрд теңге, +19,4%), Еуразиялық банк (60,6 млрд теңге, +15,2%) тапты.
Жылдық көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, банк пайдасы былай өсті:
- Halyk Bank – 13%, 393,3 млрд теңгеден;
- Kaspi Bank – 6,6%, 264,3 млрд теңгеден;
- ЦентрКредит Банкі – 42,4%, 71,4 млрд теңгеден;
- ForteBank – 65,1%, 53,9 млрд теңгеден;
- Jusan Bank – 22,7%, 68,2 млрд теңгеден.
Отбасы банкте таза пайда бір жылда 23% – 96,4 млрд теңгеден, Еуразиялық банкте – 11%, 68,2 млрд теңгеден, Ситибанк Қазақстанда – 10,4%, 68,1 млрд теңгеден төмендеді.
Қазіргі уақытта катарлық Lesha Bank инвестициялық банкіне сатылу сатысында тұрған Bereke Bank бір жылдағы табысын 68,6% – 8,6 млрд теңгеден 14,5 млрд теңгеге дейін өсірді.