2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан қор биржасында акциялармен сауда-саттық көлемі 137,7 млрд теңгені құрады және 2022 жыл тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 есе өскен. 2022 жылдың тамыз-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 44% төмендеді.
Осы уақытта корпоративтік облигациялар саудасы 831,5 млн теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 70,1% өсті. 2022 жылдың тамыз-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 46,3% төмендеді.
Ал мемлекеттік бағалы қағаздар саудасы 3,4 трлн теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59,8% өсті. 2022 жылдың тамыз-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда көлемі 31,2% өсті.
Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының саудасы 4,6 млрд теңгені құрады және 2022 жылға қарағанда 5,9% өсті. 2022 жылдың тамыз-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 32,2% өсті.
Жалпы, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан қор биржасындағы сауда 127,8 трлн теңгені құрады және 2022 жылға қарағанда 14,3% өсті. 2022 жылғы алдыңғы бес айлық кезеңмен (тамыз-желтоқсан) салыстырғанда сауда-саттық көлемі 17,3% өсті.
автор: Мағжан Молдахмет