Қазақстанда биыл алты айда 7,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3% артық, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Өткен алты ай мен биылғы алты айды салыстыратын болсақ, өңірлер арасында жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы бойынша Абай ауданы көш бастап тұр – 56,3% өсім. Одан кейінгі орында өсу қарқыны 43,4% Шымкент қаласы және Жетісу облысы 39%.
Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстан Республикасында 16 677 тұрғын үй нысаны пайдалануға берілді. Оның 16 083-і жеке үй, 574-і көппәтерлі, қалған 20-сы жатақхана. Көпқабатты үйлерде 63,1 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артық.
Көпқабатты үйлердің 7,6%-ын мемлекеттік құрылыс компаниялары, 91,2%-ын жеке компаниялар, 1,2%-ын шетелдік компаниялар салған.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерде де тұрғын үйлерді пайдалануға берудің артуы байқалады. Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның ауылдарында 1,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.