Биылғы қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік бюджет кірісі 7,5 трлн теңгені құрады, бұл былтырғыдан 14,1% көп.
Салыстыру үшін: 2022 жылдың алғашқы төрт айында көрсеткіш бірден 42,4% өсіп, 6,6 трлн теңге болған.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің басым бөлігі дәстүрлі түрде салықтық түсімдер болды: жалпы көлемнің 79,4%-ы немесе 6 трлн теңге, бір жыл бұрынғыдан 21,3% көп.
Оның ішінде табыс салығы 2,5 трлн теңге, қосылған құн салығы – 2,2 трлн теңге, халықаралық сауда және сыртқы операцияларға салық – 670,4 млрд теңге, әлеуметтік салық – 388,9 млрд теңге, мүлік салығы – 167,7 млрд теңге, заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер – 33,1 млрд теңге.
Бір жылда салықтық емес кіріс 28,6% өсіп, 133,3 млрд теңге болды, ал негізгі капиталды сатудан түскен түсім, керісінше, бірден 42,4%, 41,7 млрд теңгеге дейін азайды. Трансферттердің түсімдері де қысқарды – бір жылда 8,1%, 1,4 трлн теңгеге дейін.