Елімізде 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) байланысты 42 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 55,6% көп, деп хабарлайды ranking.kz.
Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде республика бойынша секторда 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25% аз.
Өңірлер бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен біріне жуығы Алматыда тіркелген: 13 оқиға – бір жыл бұрынғыдан бірден 2,6 есе көп.
Одан кейін Алматы облысы (7 жағдай) мен Астана (6 жағдай).
Сектордағы құқық бұзушылықтар ҚР-ның 20 өңірінің 15-де тіркелген. Мұндай құқық бұзушылықтар жаңадан құрылған Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Жамбыл облыстарында тіркелген жоқ.
Биылғы қаңтар-қазан айларында аталған құқық бұзушылықтар бойынша келтірілген шығынның белгіленген мөлшері 3 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе көп.
Мемлекетке 2 млрд теңге шығын келді. Бір жыл бұрынғыдан 31,6% артық. Қалған 1 млрд теңге жеке тұлғаларға, 25 млн теңге заңды тұлғаларға келтірілді.