Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.

KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 157,7 трлн теңгені құрады  және 2022 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты 15,2% немесе 20,8 трлн  теңгеге өсті.

KASE Индексінің мәні 10,9%-ға 3 604,75 тармаққа дейін өсті.

Акциялар нарығын капиталдандыру 8,0% немесе 1,7 трлн теңгеге 22,9 трлн теңгеге дейін өсті.

2023 жылдың басынан бастап KASE ресми тізіміне 31 эмитенттің 68 атауындағы бағалы қағаздар енгізілді, олардың 13-і алғаш рет листинг рәсімінен өтті.

2023 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 224 эмитенттің 602 атауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар болды.

2023 жылдың қаңтар-маусымында акциялармен сауда-саттық көлемі 147,2 млрд теңгені құрады және 2022 жылғы тиісті кезеңге қатысты 2,7 есе өсті. 2022 жылдың алдыңғы алты айлық кезеңімен (шілде-желтоқсан) салыстырғанда сауда-саттық көлемі 41,9% төмендеді.

Корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 1 021,3 млрд теңгені құрады және 2022 жылғы тиісті кезеңге қатысты 45,4% өсті. 2022 жылдың алдыңғы алты айлық кезеңімен (шілде-желтоқсан) салыстырғанда сауда-саттық көлемі 42,8% төмендеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар саудасы 5 049,6 млрд теңгені құрады және 2022 жылғы тиісті кезеңге қатысты 83,4% өсті. 2022 жылдың алдыңғы алты айлық кезеңімен (шілде-желтоқсан) салыстырғанда сауда көлемі 55,4% өсті.

Ал инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар саудасының көлемі 5,4 млрд теңгені құрады және 2022 жылғы тиісті кезеңге қатысты 19,5% өсті. 2022 жылдың алдыңғы алты айлық кезеңімен (шілде-желтоқсан) салыстырғанда сауда көлемі 27,3% өсті.