2021 жылы жоспарлы түрде Jusan тобы, соның ішінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірқатар активтер шетелдік юрисдикцияға шығарылды. Нәтижесінде Қазақстан Үкіметі іс жүзінде компаниялар тобына бақылауынан айырылды.
Қазақстанға қайтарылған компаниялар тобы енді Үкімет пен басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауында Қазақстан заңнамасына сай жұмыс істейді.
Банктің мемлекеттен ертеректе алған көмегі мерзімінен бұрын қайтарылады.
Jusan Bank баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру.
Біз қазақстандықтардың қаржылық және қаржылық емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкингті құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз. Өткен жылдың табысты нәтижелері және банктің ағымдағы қаржылық жағдайы өзіне алған барлық міндеттемелерді орындауға, соның ішінде мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік береді, – дейді банктің баспасөз қызметі.