Jusan Reborn кешінде қаржыны тиімдірек басқаратын жаңа қызметтер таныстырылды.
Енді отбасылық шығындарды бір жерден жұмсауға болады. Jusan Bank түгел бір жанұяның немесе жақын адамдардың қаражаты бір шоттан басқарылатындай етіп жаңа өнім жасап шықты. Бұл ретте, есепшоттағы ақша бірнеше кісіге қолжетімді болғанымен, әрқайсына жұмсалатын қаржыға шектеу қоюға болады. Сондай-ақ, бұл қызмет бірге сапарлайтын достар үшін өте ыңғайлы болмақ. Банк осы сынды жаңашылдықтар түрін Jusan Reborn шарасында таныстырды. Өткен кеште Jusan қосымшасының жаңартылған дизайны мен жаңа өнімдеріне көпшілік куә болды. Жаңа форматта өткен іс-шараға компания қызметкерлері, IT саласының мамандары, бизнес қауымдастық өкілдері, блогрлер мен журналистер жиналды.
«Reborn – қайта туу, жаңару деген мағынаны білдіреді. Осы атауға сай, тұтынушылардың қажеттіліктеріне келетін жаңа қызметтер жасалды. Қосымшаның жаңартылған нұсқасын дайындап шығу үшін алдын ала зерттеу жүргіздік. Бастапқы беттің 18 түрін қарап шыққан 120 респондентпен сөйлестік, пікірлерін білдік. Мұның бәрі Jusan жаңаланған қосымшасының шығуы үшін атқарылған шаралар. Клиенттеріміздің ыңғайлы әрі түсінікті интерфейстегі қызметтерді пайдаланғанын қалаймыз», — деп атап өтті Jusan Bank өнімдерді шығару департаментінің директоры Айбек Жұмағалиев.
Жаңа қызметтің өзге бірі – маңызды оқиғалар тақтасы. Мұнда тұтынушының киноға алған билеті, курьердің келуі, салықты немесе несиені өтеу мерзімі сынды өзінің өміріне қатысты елеулі оқиғалары шығып тұрады. Еске салады. «Маңызды оқиғалар» блогы клиенттің мүддесіне байланысты жеке ұсыныстармен үнемі жаңартылып отырады.
«Сонымен қатар, қосымшаның жаңа функцияларының ішінде «Жиі жүргізілетін транзакциялар» пайда болды. Ол жерде көбінде жіберілетін аудармалар, толемдер мен басқа да операциялардың біртұтас тарихы жиналған», — дейді Айбек Жұмағалиев.
Айта кету керек, бұрындары мұндай қызметті пайдалану үшін батырманы төрт рет басу керек болса, қосымшаның жаңғырған нұсқасында бұл бір реттік қимыл арқылы оп оңай басқарылады.
Жалпы, банк клиенттердің сұранысын жақсарту жолында тоқтамай, тиісті жұмыстарды ылғи жүргізіп отырады. Оған Jusan Bank қолданбасын жүктеп алып көз жеткізуге болады.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы