Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI трекер қызметін іске қосты. Бұл заманауи құралдың арқасында Jusan Business пайдаланушылары шетелдік серіктестерге жіберілген қаражаттың қауіпсіздігі туралы алаңдамай, халықаралық төлемдерінің күйі туралы толық ақпарат ала алады.
SWIFT GPI трекері халықаралық төлемдердің әрбір кезеңінде, қаражатты жөнелткен сәттен бастап ақшаның алушының шотына түскенге дейінгі ашықтықты қамтамасыз етеді. Пайдаланушылар төлемдерді оңай қадағалап, оның қазіргі күйі туралы толық ақпаратты ала алады, соның арқасында олар жаңартылған деректер негізінде бизнес шешімдерін қабылдау мүмкіндігін иеленеді. Бұл банкке бару және байланыс орталығына қоңырау шалу қажеттін азайтады, өйткені пайдаланушылар енді Jusan Business қосымшасы арқылы шетелдік серіктеске жіберілген халықаралық төлемдерін бақылай алады.
SWIFT GPI трекері веб-нұсқада да, мобильді қосымшада да қолжетімді, бұл пайдаланушыларға қызметті кез келген ыңғайлы уақытта және жерде қолдану мүмкіндігін сыйлайды. Өз кезегінде Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау процесін барынша ашық, ыңғайлы және қауіпсіз етеді. Осылайша клиенттер қаржы операциялары туралы алаңдамай, басты назарды өз бизнесіне аудара алады.
«Біз клиенттерімізге SWIFT GPI трекерін қуана ұсынамыз. Бұл қызмет халықаралық төлемдерді басқарудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынып, клиенттерімізге қаржы транзакцияларының әрбір кезеңі жайлы хабардар болу мүмкіндігін сыйлайды. Біз SWIFT GPI трекері жаһандану және жоғары жылдамдықтар дәуірінде бизнес үшін халықаралық қаржы транзакциялары бойынша таптырмас құрал болатынына сенімдіміз», – дейді Jusan Bank Басқарма төрағасының орынбасары Мирас Шайхысламов.
Jusan Business – цифрлық экожүйе және қазақстандық кәсіпкерлер үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынушысы. Jusan Business клиенттерге өз бизнесін тиімді басқаруға және қаржылық табысқа жетуге сеп болатын бір онлайн-банкингте қолжетімді төлем жүргізу, онлайн-бухгалтерия және басқа да қаржылық және қаржылық емес қызметтердің кең ауқымын ұсынады.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.