Халықаралық қаржылық операциялар кезінде, кез келген кәсіпкер үшін өңдеу мен төлем жылдамдығын ғана емес, сонымен қатар әрбір қадамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Клиенттерінің осы сұранысына жауап ретінде Jusan Business SWIFT жүйесі арқылы трансшекаралық транзакцияларды жүргізу кезінде қателіктер қаупін азайтатын инновациялық Pre-Validation қызметін әзірледі.
Әрбір кәсіпкер халықаралық аударым немесе төлем жасау және төлем құжаттарын толтыру кезінде ерекше мұқияттылықты қажет ететінін біледі. Мәліметтердегі кез келген, тіпті ең болмашы қателіктер ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, сондықтан Pre-Validation қызметі шотты, банкті және төлем алушының атын тексеруге арналған қызметін ұсынады. Бұл күтпеген қателерді болдырмайды, сонымен қатар төлем процесін толық бақылауды қамтамасыз етеді.
Pre-validation қызметі төлемді жібермес бұрын, қабылдап алушының шот атауы мен банкіне сәйкес келетінін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл қате жібермеуге кепілдік беріп қана қоймай, Jusan Business клиенттерінің рискін азайтады.
Jusan Business атап өткендей, «Pre-Validation - бұл жай ғана қызмет емес, бұл қамқорлық пен сенімнің көрінісі». «Jusan Business-те біз тек инновациялық шешімдерді ұсынбаймыз. Біз әрбір қаржылық транзакцияда сіздің қауіпсіздігіңіз бен сеніміңізге мән береміз. Сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз - біздің басты мақсатымыз», - деп атап өтті банк.
«Jusan мен SWIFT-тен Pre-Validation, яғни алдын ала тексеру – бұл қазіргі қаржы әлемінің сын-қатерлеріне жауабымыз. Біз клиенттерге қауіпсіз төлем құралын ғана емес, сонымен қатар сенімділікті, даралық пен инновацияны біріктіретін шешімді ұсынуға тырысамыз. Біздің мақсатымыз әрбір клиент әрбір транзакцияда өзін қауіпсіз және сенімді сезінуі керек», - дейді Jusan Business цифрлық өнімді әзірлеу бөлімінің сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің қызметкері Қайрат Садықов.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.