«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-нан мерзімінен бұрын 100 млрд теңгенің субординацияланған облигацияларының шығарылымын сатып алды.
Осылайша, банк бұрын алған мемлекет көмегін ерікті түрде мерзімінен бұрын қайтарды.
«2023 жылдың ортасында «Jusan Bank» Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғаннан бері банк бизнес-процестерді жақсарту, шығындарды оңтайландыру, бизнестің тиімділігі мен кірістілігін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Осы жұмыстардың тұтас кешені қаржылық тұрақты және әлеуметтік жауапты қазақстандық мекеме, мемлекеттің сенімді серіктесі ретінде банкке мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік берді», — деді Jusan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.