Былтырдан бері Jusan Bank Цеснабанктің проблемалық несиелерін сауықтыру мен АТФ банкін сатып алудан бастап өз өнімдерін, сервис сапасын және қаржылық экожүйені дамытуға көңіл бөле бастады. Нәтижесінде банк елдегі ең ірі банктердің рейтингісінде бірнеше позицияға көтерілді. Ал активтердің көлемі бойынша жылды тоғызыншы орыннан бастап, төртінші орынмен аяқтады.
Айта кетерлігі, АТФ пен Цесна банкті қосып алғаннан кейін Jusan Bank оларды 167 млрд теңгеге қайта қаржыландырған. Бұл елдің банк секторында бұрын-соңды болмаған жағдай. Екіншіден, осы екі банкке бұрын берілген мемлекеттік қолдауды Jusan Bank кезең-кезеңімен төлеуді қолға алды, көрсетілген көмек мемлекетке бекітілген мерзімінен бұрын қайтарылмақ.
Сонымен, 2021 жыл бойынша аудиторлық есепті талқылайтын болсақ, қысқаша ақпарат келесідей.
Жүйе құраушы банктердің қатары тағы біреуге көбейді
Жылдық динамикада банктің активтері 923,8 млрд теңгеге ұлғайып, 2,6 трлн. теңгеге жеткен. Яғни, 55% өскен. Банктер арасында өте жоғары көрсеткіш. Банктің нарықтағы үлесі де 7%-ға жақындаған. Нәтижесінде, Ұлттық Банк әлеуетті-жүйелік маңызды ЕДБ мәртебесін берді.
12 айдың қорытындысы бойынша, банктің кредиттік портфель өсімі 200% көбейіп, 731 млрд теңгеге жетті.
Несие нарығы 5,3% өсіп, NPL 90+ мерзімі кешіктірілген қарыздар көлемі бір жылдың ішінде кредиттік портфельдің жалпы көлемінің 44,09%-дан 9,47%-ға дейін азайды.
«2021 жылы проблемалық портфельдің бірден 70,3%-ға қысқаруы қазақстандық банктердің алғашқы ондығының арасындағы ең үздік көрсеткіш болды, өз кезегінде бұл тек банкке емес, еліміздің банктік секторының оңалуына да өзінің оң әсерін тигізді», делінген банктің жылдық есебінде.
Айта кетерлігі, 2019 жылдан бері Цеснабанктен және АТФБанктен ауысқан қарыздарды алып тастап, Jusan Bank-тің өзінің 2019 жылдан бергі 500 млрд теңгеден асатын сомаға берген қарыздарды ғана есепке алсақ, NPL көрсеткіші 0,79% құрайды. Бұл нарықтағы ең үздік көрсеткіштердің бірі.
Осы орайда Jusan Bank баспасөз қызметіне хабарласып, қосымша ақпарат алуға мүмкіндік болды. «Активтердің қарқынды түрде өсуіне қарамастан, біз макроэкономикалық жағдайларды, сондай-ақ салымшыларымыз бен кредиторларымыз үшін сенімділікті сақтау қажеттілігін ескере отырып, кредит беруде консервативті әдіс-тәсілдерді қолдану дәстүрін сақтаудамыз. Тәуекелдер және табыстылық арасындағы теңгерімді сақтау – бірінші кезектегі міндетіміз. Дегенмен де, банктің кредиттер нарығындағы үлесі 5,3%-ға дейін өсті», - деп қосты банк қызметкерлері.
Жыл қорытындысы сонымен қатар, банктің капитал жеткіліктілігі коэффиценті (k1) 28%, ал ағымдағы өтімділік көрсеткіші (k4) 211% құрады. Бұл көрсеткіштер бойынша банк тиісінше екінші және үшінші орында. Нәтижесінде Moody's Investors Service рейтинг агенттігі банкке «тұрақты» болжамымен B1 деңгейін беріп отыр.
Депозит портфеліне келер болсақ, банктегі салымдар 56% өсіп, 1,51 трлн теңгеден асты. Әсіресе АТФ Банкпен біріккен кейін клиенттер базасы өсіп, нәтижесінде бөлшек сегменттегі клиенттік портфель 4 еседей артып, биылғы жылдың басында 2,5 млн. клиенттен асқан. Ал экожүйе цифрлық сервистерін белсенді пайдаланушылар саны 1 миллионнан жоғары.
Jusan Bank-ке сенетін шағын және орта бизнес екі есе көбейді
ШОБ сегментіндегі клиенттер базасы 2021 жылы 145 мың бизнес-субъектілерге дейін екі есе ұлғайды. Банк өнімдеріне микро-, шағын және орта бизнес те қызығушылық танытып отыр: өткен жылы Jusan Business мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны 3,7 есе, POS-терминалдар желісі 5 есе ұлғайды. Байланыссыз төлемдер сервисі және корпоративтік карталар да қарқынды түрде дамуда. Ал Jusan Дүкен маркетплейсі серіктестерге онлайн-бизнесті дамытуға таптырмас мүмкіндік.
Банктің 2022 жылғы стратегиялық және негізгі бағыт болып қала бермек: Jusan Retail, Jusan Business және Jusan Private Banking. Оларды біріктіретін экожүйе қазақстандықтардың күнделікті өміріне, бизнесті жүргізуіне және жеке қаржыны тиімді басқаруға арналған ыңғайлы технологиялық шешімдер қалыптастыруға мүмкіндік береді.