Қаңтар-мамыр айларында жол мен автомагистраль құрылысы бойынша орындалған жұмыс көлемі 213,7 млрд теңгеніқұрады. Өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда номиналды өсім байқалады — 43% немесе 64 млрд теңгеге өскен. 

Еске сала кетейік, бұл жерде құрылыстың мердігерлік шарттары бойынша орындалған жұмыстардың құны туралы айтылып тұр. Тиісінше, мердігер үшін бұл — кіріс, ал мемлекет үшін — шығын. 

Жалпы, жол мен автомагистраль құрылысы жұмысының жалпы көлеміндегі үлесі бойынша үздік үш нысанның қатарына кіреді — 13%. Алдыңғы екі орында тұрғын емес ғимараттар (24%) және тұрғын үйлер (15%) тұр.

Десе де, мердігерлердің кірісінің өсуі жол құрылысы жақсы дегенді білдірмейді. Көптеген ұзаққа созылатын құрылыстар қосымша қаржыландыратынын ұмытпау керек. Мысалға, 2018 жылдан бері жаңғыртылып келе жатқан Атырау-Астрахань (277 км) трассасын алып қарауға болады.