Freedom Life ӨСК мамандары әлемдік статистикалық компанияларының денсаулық сақтау бойынша мәліметтерін зерттеп, жіті ауруларды сақтандыру қай елдерде көптен тарағанын, шетелде емдеу 2024 жылы қанша тұратынын және сақтандыру жағдайы басталғанда, қамту мөлшері қандай екенін анықтады.
Американдық статистикалық компаниясы Precedence Research көрсеткіштеріне сәйкес, 2024 жылы жіті аурулардан сақтандыру бойынша әлемдік нарығының көлемі 385,50 млрд АҚШ долларында бағаланған. Талдаушылардың болжамына сәйкес, 2025 жылы нарық 414,41 млрд АҚШ долларына дейін өсуі ықтимал, бұл жағдайда, оның жылдық орташа қарқыны, 2024 жыл мен 2034 жыл кезеңі аралығында 7,5% дейін көтерілуі жорамалдануда, ал 2034 жылға таяу нарық шамамен 854,11 млрд долларға дейін жетеді.
Соңғы жылдар ішінде, жіті аурулардан сақтандырудың жаһанды нарығының серпіні өсуде, бұл денсаулықтың әлеуетті мәселелерін кешенді қамту шешімін табу үшін, адамдар санының өсуіне байланысты. Әдетінде, сақтандырушылар аталған ауруларды сақтандыру бойынша бағдарламаларын ұсынады, Полисте көрсетілген және сырқатының ауыр түрлерінен қаржылық қорғау мақсатында. Қамту медициналық шығындарға, табысынан айырылуына, және жіті аурулар салдарынан туындаған басқа шығындарына байланысты қаржылық ауыртпалықты төмендетуге көмектеседі.
Жіті аурулардан сақтандыру нарығының аумақтар бойынша 2023 жылғы үлесі
мәліметтер: precedenceresearch.com
орындаған: Freedom Life ӨСК
2023 жылы жіті аурулардан сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының ең үлкен үлесі Солтүстік Америкада белгіленген — жаһанды нарығының 36%. Алайда, Азия-Тынық мұхит аумағының көрсеткіштер қарқыны 2024 жыл мен 2034 жыл кезеңі аралығында тез өсуі жорамалдануда.
Жіті аурулардан емделу құны
Hospitalbooking.com мәліметтеріне сәйкес, туристерді емдеудің кең таралған бағыттары болып, АҚШ, Израиль, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея және т.б елдер табылады.
АҚШ. Аталан салада бүгінгі күнде ең қымбат емдеу ұсынатын ел. Мысалы, онкологияны емдеу 150 000 бастап, 1 000 000 долларға дейін баруы мүмкін. Ол рак түріне, ауру сатысына және қолданылатын емдеу әдістеріне байланысты, атап айтқанда, химиотерапия, протондық терапия немесе иммунотерапия.
Жүрек-тамыр операциясы, шунттау 30 000 -200 000 доллар аралығында құбылады.
Израиль. Израиль дәрігерлерінің жоғары біліктілігіне және замануи технологияларына, сондай-ақ, АҚШ салыстырғанда, бағаларының төмендігіне байланысты, шетел пациенттерін белсенді тартуда. Жіті ауруларды емдеу құны: мысалы, химиятерапиясы қосылған рак емдеуінің толық курсы 10 000 бастап, 30 000 долларға дейін құрауы мүмкін, ол рак түріне және даму сатысына байланысты.
Күрделі емдеу жүргізу, мысалы, хирургиялық операция жасау және одан кейінгі күтім емшаралары, жүрек-тамыр ауруларын немесе неврологиялық ауруларын емдеу қымбатқа түсуі мүмкін, кейбір жағдайларда 50 000 доллардан асуы мүмкін.
Германия. Емдеудің орташа құны ауру түріне және таңдаған клиникасына байланысты. Рак, жүрек-тамыр және нейрохирургия ауруларының құны, 10 000 - 50 000 доллар аралығында және одан астам құбылуы мүмкін. Емдеу курсы, күрделілігіне байланысты
20 000 - 40 000 доллар құрауы мүмкін, мысалы, рак ауруын емдуге химиотерапия немесе радиотерапия жасау немесе операция жүргізу қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда, біліктілігі жоғары мамандарын тарту және диагностиканың жаңа әдістерін қолдануға байланысты, емдеу құны елеулі ұлғаюы мүмкін.
Түркия. Медициналық емдеу бағалары Түркияда, АҚШ және Еуропада емделу құнынан 20-40% төмен деңгейде. Аталған бағалар, емдеудің жоғары сапасына және тиімділігіне толық сәйкесті. Емделудің орташа құны, госпитализация, операция жасау және сауықтыру шараларын қосқанда, 10 000 – 35 000 доллар құрайды.
Оңтүстік Корея. Елдегі емдеу стандарттары биік екенін атап өту қажет. Кейбір жағдайларда, инновациялық емдеу түрлері ұсынылады, атап айтқанда, рак ауруын емдеу бойынша протондық терапия. Оңтүстік Кореяда жіті ауруларды емдеудің орташа құны ауру түріне және пайдаланылатын емдеу әдістеріне тәуелді құбылуы мүмкін. Мысалы, онкологиялық диагностика шамамен 2000-3000 доллар тұрады, ал операция – 5 000 – 25 000 доллар. Кардиохирургия бағалары 25 000 доллардан басталады.
ҚР және әлем бойынша сақтандыруды қамту мөлшері
Жіті аурулардан сақтандыру бағдарламалары бойынша төлемдерін атқару мыналарға байланысты: сақтандырылғандарың жасы, табысы, ауру тарихы, мекендеген елі, тәуекелдер тізбесі және т.б. АҚШ, Израильде төлемдер ережелері ұқсас, орташа мөлшері 50 000 - 500 000 доллар аралығында. АҚШ әдетінде, емделу шығындарының тек 80% қамтылады, сақтандыру жағдайы басталғанда.
Жіті аурулардан сақтандырудың қазақстандық Freedom Health бағдарламасын алатын болсақ, сақтандыру жағдайы кезінде атқарылатын төлемдері жылына 100 000 доллар құрауы мүмкін, ал өмірсүру ішінде 1 000 000 дейін құрайды. Бағдарлама келесі тәуекелдерді қамтиды, атап айтқанда, рак, инфаркт, инсульт, трансплантация және трансфер , емдеу, сауықтыру және әлемдегі 800 ең жақсы клиникалардың бірінде басқа медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бұл сақтандырудың құны – 15,18 доллардан басталады. Сақтандыру жарналарын айына бір мәрте, тоқсанда, жарты жылда бір мәрте немесе біржолғы төлем ретінде жасауға болады.
«Қазір біз бірнеше сақтандыру төлемдерін төледік. Мысалы, бір-екі жыл бұрын жазылған біздің бір клиентке жедел ота жасауды қажет ететін ауыр жүрек ауруы диагнозы қойылды. Біз Израильдегі клиникалардың бірінде 40 743,87 доллар сомасына трансфер, операция және басқа емдеуді ұйымдастырдық.
Тағы бір жағдай – біздің клиент қатерлі ісікпен келді. Ол Сеулдегі клиникада қажетті ем алды және барлық медициналық қызметтерді қамту көлемі 32 359,37 долларды құрады.
Яғни, ауыр сырқат анықталған кезде Freedom Health бағдарламасы бойынша сақтандыру төлемі ӨСК клиенттерінің барлық шығындарын жауып, қалпына келтіруге көңіл бөлуге мүмкіндік берді», — деп түсіндірді Freedom Life ӨСК.