Бүгінгі таңда тасымал түрінің басым бөлігі темір жол арқылы өткізілетіні белгілі. Бұл ретте, жүк вагондарының сапасы, уақытылы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі әсіресе маңызды. 

Нақты мәліметтерге келетін болсақ, тонна жүк тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 104%-ға өсті. Жүк вагондарының паркі тозудың орташа деңгейі 43%-ды құрайтын 132 мың бірлікті құрайды. Жалпы салаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Биылдың басынан бері «Қазтеміртранс» АҚ-ның меншігіндегі 7012 жүк вагонында депо жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Әр жылға арналған мерзімді жөндеуге қажеттілік жоспарлары вагон паркінің жағдайы ескеріле отырып белгіленеді. Пайдаланылатын вагон паркінің техникалық жай-күйі вагондардың сенімділігімен, жоспарлы жөндеу түрлерінің сапасымен және басқа да сипаттамаларымен айқындалады.

2020 жылдан бастап «Қазтеміртранс» АҚ-ның меншігіндегі жүк вагондарын жөндеу «Теміртранссервис» ЖШС тұлғасында заңды тұлғалардың уақытша бірлестігімен («Теміртранссервис» ЖШС және «AstanaRailwayServices» ЖШС) жасалған жүк вагондарына сервистік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұзақ мерзімді сатып алу туралы шарт арқылы жүргізіледі. Бұл бірқатар негізгі емес функцияларды алып тастауға және жұмыс істемейтін парктің өсу қаупін азайтуға мүмкіндік берді.

– 2022 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша жүк вагондарына күрделі жөндеу орындалды, жоспар бойынша 552 вагон болса, 575 вагон жөнделді. 2022 жылға барлығы 641 вагонды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр, – деді «Қазтеміртранс» АҚ-ның бас инженері Нұрлан Жүсіпов.