2023 жылғы сәуірде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына өзгерістер күшіне енді.
Мына негізгі түзетулер қарастырылған:
- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде дуальді оқыту жүйесінде білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін қаражаттың бағыты қосылды;
- ҚР азаматтарының біліктілігін арттыруға, даярлауға қаражаттың бағыты қосылды;
- халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жататын жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері емес қазақстандық кадрларды оқытуға жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерінің жалпы көлемінің 30% мөлшерінде міндетті ең төменгі шегі белгіленген.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда, оған ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын азаматтар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар қосылды.
Сондай-ақ Ережеге мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қаражат жіберу туралы міндеттеме енгізілді. Бұл жағдайда жұмыстарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу; қызметтерге: ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, серверлік жабдықтың объектілері мен технологияларын іске қосу, баптау, жөндеу және (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, бейімдеу және (немесе) қолдану, деректерді өңдеу жөніндегі қызметтер, сәулет-жобалау жұмыстары, ғимараттар мен құрылыстарды салуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге байланысты кешенді инженерлік қызметтер.
Тізім ҚР Энергетика министрлігінің сайтында жарияланған.