Биыл қаңтар-тамызда машина жасаудағы өнім көлемі құндық мәнде 2,6 трлн теңгені құрады, бұл еліміздің өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы өнім көлемінің 19%-ға жуығын және өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің шамамен 9%-ын құрайды.
Республиканың машина жасау өнеркәсібінде өндірілген өнімнің жартысына жуығын қазақстандық автокөлік өнеркәсібі қамтамасыз етеді: сегіз айда 1,2 трлн теңге, құндық мәнде 66,7%, нақты мәнде 41,4% өсті. Салыстыру үшін: жалпы өңдеу өнеркәсібінде нақты өндіріс өсімі небәрі 3,1%-ды құрады. Осылайша, автоөнеркәсіп Қазақстандағы шикізаттық емес саланы дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналды.
Сонымен қатар, машина жасау өңдеу өнеркәсібіндегі қызметкерлер тізімінің 22%-ын және нақты санының 22,2%-ын қамтамасыз етеді. Автокөлік өнеркәсібінде биыл екінші тоқсан қорытындысы бойынша, қызметкерлер тізімі 5,7 мың адамды құрады (бір жылда 28,8% және бес жылда бірден 2,8 есе көбейген), қызметкерлердің нақты саны 5,5 мың адамды құрады (бір жылда 27,4% және 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе көбейген).
ҚР автокөлік өнеркәсібі өнімінің негізгі көлемі (88%) Қостанай облысында (Allur) және Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Almaty) шоғырланған: тиісінше 596,6 млрд теңге және 418,8 млрд теңге. Тағы 55 млрд теңгені Қарағанды облысындағы, 39,6 млрд теңгені Абай облысыдағы, 37,4 млрд теңгені Ақмола облысындағы, 9,1 млрд теңгені басқа өңірдегі өндірушілер қамтамасыз еткен.
Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап Алматыда «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» мультибрендті зауытында қытайлық Chery, Haval және Changan маркалы автокөліктерді шығаруды бастау жоспарлануда. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 90 мың автокөлікті құрайды, барлық көлемі дәнекерлеу және сырлау арқылы шағын түйін әдісімен шығарылады.
Сонымен қатар, Allur оңтүстіккореялық Kia Corporation өндірушісімен бірлесіп Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын жаңа зауыт салады. Зауыт аумағы 83,5 мың шаршы метрден асады. Жобаға инвестиция көлемі 200 млн АҚШ долларын құрайды. Құрылыс биыл басталып, 2025 жылдың маусымына дейін толық өндірістік циклді іске қосу жоспарлануда.
Бұл арада өндірушілер жаңа рекордтар орнатуда. Мәселен, биыл сегіз айда ҚР-да 97,3 мың көлік құралы (41,4% көбейген) шығарылды, оның ішінде 88,5 мыңы жеңіл автокөлік (41,5% көбейген).
Зауыттар арасында Қостанайда (Allur) – 57,8 мың (бір жылда 35,8% көбейген) техника, Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) – 34,3 мың (көбейген 50,4%) жеңіл және коммерциялық көлік, Семейде («СемАЗ», Daewoo Bus Kazakhstan) – 2,6 мың (75,5% көбейген) коммерциялық техника, Қарағанды облысында (QazTehna) – 803 автобус, Көкшетауда (КАМАЗ-Инжиниринг) – 776 коммерциялық техника өндірілді.
Көлік нарығына келетін болсақ, мұндағы көрсеткіштер де өте оптимистік. Биыл сегіз айда қазақстандық дилерлер 120,3 мың көлік сатқан (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,5% көбейген).
Сату көлемі бойынша ҚР-да шығарылған жетекші брендтер: Hyundai (31,4 мың автокөлік, бір жылда 76,4% көбейген), Chevrolet (28,8 мың автокөлік, 40,4% көбейген) және Kia (16,4 мың автокөлік, бірден) 95,3% көбейген).
Chery дилерлері 7 мыңға жуық автокөлік сатты, бір жылда көрсеткіш 3,7 есе көбейді. Ең көп сатылатын бес брендтің соңғысы Toyota: 5,7 мың автокөлік (11,1% азайған).