Биыл желтоқсан айында жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша электронды кезек іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы LS агенттігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, электронды кезек беру платформасы тестілеудің соңғы кезеңінде. Ол келесі айда іске қосылмақ.
Электронды кезек өтініш берушіге электронды ресурста өтініш беріп, кейіннен несие берілгенге дейін ағымдағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.
«Электрондық кезекке сәтті қойылған жағдайда өтініш беруші бағдарламаға қатысушы кез келген банкке жүгінуге құқылы, ол несиенің мақұлданғанын растайды», - деп түсіндірді ведомство.
ИИДМ электронды кезек ай сайын автонесие беруге өтініштерді тіркейтін платформада өтетінін айтты.
Еске салсақ, бағдарламаның шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі 4%, несие сомасы 10 млн теңгеден аспайды, мерзімі жеті жылға дейін, бастапқы жарнасыз, автокөлік құны 15 млн теңгеге дейін.