2023 жылы екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 22,4%, 27,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 3,9%-ға өсті).
2023 жылы ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 23,0%, 25,8 трлн теңгеге дейін (2023 жылғы желтоқсанда 2,8% өсті), шетел валютасындағы кредиттер 16,3%, 2,2 трлн теңгеге дейін (2023 жылғы желтоқсанда 19,6% өсті) ұлғайды. Нәтижесінде 2023 жылы теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 91,9%-дан 92,3%-ға дейін ұлғайды.
2023 жылы екінші деңгейдегі банктер барлығы 30,3 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 25,8% артық. Бұл ретте 2023 жылғы желтоқсанда 3,5 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 20,5% артық.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2023 жылы 11,9%, 9,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 7,2% өсті). Жоғары пайыздық мөлшерлемелердің сақталуына қарамастан, 2023 жылы заңды тұлғаларға берілген кредиттердің жылдық өсуі, оның ішінде кредит қабілеттілігін бағалау процестерін одан әрі цифрландырудың, инфляцияның біртіндеп бәсеңдеуінің, сондай-ақ ШОБ субъектілерін қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды жалғастырудың арқасында соңғы 12 жылда барынша өсті.
Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне жиынтық кредиттер 2023 жылы 16,7%, 11,2 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылғы желтоқсанда 6,8% өсті). Бизнесті кредиттеудің негізгі өсуі ШОБ субъектілеріне, сондай-ақ дара кәсіпкерлерге берілген қарыздармен қамтамасыз етілді, олар 58,6%, 1,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2023 жылы ШОБ субъектілеріне қарыздар 13,3%, 5,7 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылғы желтоқсанда 4,3% өсті), ірі бизнеске қарыздар 10,1%, 4,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 11,6% өсті).
Барлығы 2023 жылы дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер 15,5 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22,1% артық. Бұл ретте 2023 жылғы желтоқсанда 2,1 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 43,8% көп.
Жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2022 жылғы 31,8% өсуімен салыстырғанда бәсеңдеп, 2023 жылы 28,9%, 18,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда – 2,3% өсті).
Жеңілдетілген «7-20-25» ипотекалық бағдарлама талаптарын қайта қарау және азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға зейнетақы жинақтарын алуының көлемі азаюы салдарынан ипотекалық кредит беру 2022 жылғы 42,4% өсуімен салыстырғанда 2023 жылы өсуі 14,9% дейін немесе 5,4 трлн теңгеге дейін бәсеңдеді.
Тұтынушылық қарыздар 2022 жылғы 25,3%-дан жедел өсіп, 2023 жылы 34,1%, 10,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 2,7%-ға өсті). Тұтынушылық кредиттеудің жедел өсуі бірқатар ірі банктер тарапынан бөліп төлеудің танымалдығының өсуіне және кезең-кезеңімен науқандардың болуына байланысты.
2023 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 18,7%-ды (2022 жылғы желтоқсанда – 19,2%), жеке тұлғаларға берілген кредиттер 17,9%-ды (2022 жылғы желтоқсанда – 17,4%) құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасы 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоғары деңгейде сақталуда. Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі несие портфелінің 2,9%-ын немесе 863 млрд теңгені құрады (2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 3,4% немесе 815 млрд теңге).
ШОБ-ты есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ қарыздардың деңгейі 2,3%-ды немесе 289 млрд теңгені (2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 3,0% немесе 321 млрд теңге), жеке тұлғалар портфелінде 3,4% немесе 575 млрд теңгені (2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,7%-ды немесе 493 млрд теңге) құрады. Банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға банктердің жұмыс істемейтін қарыздарды азайту бойынша жоспарлы жұмысы себеп болды.
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 76,0%-ды құрайды (2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 76,9%).