Қазақстанда жеке кәсіпкерлер бір жылда 28,5% өсті, деп хабарлайды LS.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша елімізде 1,4 миллион жеке кәсіпкер бар. Бұл 2021 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 28,5% көп.
Жеке кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматы қаласында жұмыс істеді – 190,3 мың субъекті (+55,3%). Үздік үштікке Түркістан облысы – 168,6 мың компания (+25,7%) және Астана қаласы – 134,4 мың (+29,3%) кірді.
Ең аз Павлодар (39,9 мың), Солтүстік Қазақстан (25,9 мың) облыстарында және Ұлытауда (15,3 мың) жұмыс істеді.
Компаниялардың үштен бірінен астамы саудамен айналысты – 524,9 мың (+44,2%). Кәсіпкерлер арасында келесі сұранысқа ие салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы – 247,9 мың (+2,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар – 73,5 мың (+12,6%), көлік және қойма шаруашылығы – 69,3 мың (+5,9%) болды.
Мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жеке кәсіпкерлердің саны айтарлықтай өсті – 2,6 есе (101 субъект). Өңдеу өнеркәсібінде 85,4%-ға (69,8 мың субъекті), білім беруде – 49,7%-ға (21,6 мың) өсті.