2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 43 жатақхана пайдалануға берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 82 жатақхана пайдалануға берілген еді, деп хабарлайды finprom.kz.
Пайдалануға берілген жатақханалардың жалпы ауданы бірден 65% қысқарып, 72,9 мың шаршы метрді құрады. Жатақханалардың пайдалы ауданы 148,9 мыңнан 58,9 мың шаршы метрге дейін қысқарды. (60,4% азайған). Жаңа ғимараттардың кубатурасы (құрылыс көлемі) де төмендеді — 763,4 мың куб метрден 234,7 мың куб метрге дейін қысқарды.
Құрылыстың нақты құны бір жыл бұрынғы 53,5 млрд теңгенің орнына 11 млрд теңгені құрады. Құндық көрсеткіші бір жылда бірден 79,5% азайды.
Республика бойынша пайдалануға берілген 43 жатақхананың 25-і ауылдық жерде және олардың жалпы ауданы 19,5 мың шаршы метрді құрады.
Өңірлер бойынша ең көп жатақхана елордада салынды: 15,7 мың шаршы метр. Одан кейін Шымкент (12,4 мың шаршы метр) және Павлодар облысы (9,4 мың шаршы метр).
Айта кетейік, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттердің оқу мерзімінде қосымша төсек орындар көптеп беріліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы. Жаңа жатақханалар құрылысы бойынша құрылыс салушылармен және өңірлердегі әлеуетті инвесторлармен жұмысты күшейту, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін жетілдіруді жалғастыру жоспарлануда.
2021 жылы білім беру ұйымдарының жатақханасында тұру үшін оқу орындары студенттерінен алынған төлем 4,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,1% артық.
Өңірлер бойынша жатақхана төлемлері ең көп түскен Алматы қаласында: 1,9 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан 47,9% көп. Одан кейін Астана (524,2 млн теңге, бір жылда 32,8% көбейген), сондай-ақ Қарағанды (464,2 млн теңге, 2,6 есе көбейген), Қостанай (196,2 млн теңге, 2,7 есе көбейген) және Ақтөбе (188,1 млн теңге, 43,5% көбейген) облыстары.
Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді: 11,8 млн теңге, бір жыл бұрынғыдан 5,1% аз.