Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстандағы 221 МҚҰ-ның жалпы таза пайдасы 33,5%, яғни 48,6 млрд теңгеге дейін азайды. Бұл ретте 59 ұйым шығын көрсетті.
МҚҰ секторының өкілдері бұған дейін реттеудің шектен тыс қатайтылғанына шағымданған, сарапшылар да бұл мәселені атап өткен болатын. Биылнесиенің ең жоғары сомасы 50-ден 45 АЕК-ке, күнделікті сыйақы мөлшерлемесі – 1%-дан 0,3%-ға, ал ЖТҚ – 179%-ға (бұрын 339%) төмендетілді.
2024 жылдың басынан бері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі стандарттарды бұзғаны үшін жеті микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды. Оның ішінде 20 үздіктің үшеуі бар (Кредитум, активтері 9,8 млрд теңге; Sofi Finance, 10,8 млрд теңге және «Заем», 13,7 млрд теңге).