Қазақстан қор биржасы АҚ (KASE) 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды:
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 187,2 трлн теңгені құрады және 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,7 % немесе 29,4 трлн теңгеге өсті.
- Жыл басынан бері KASE Индексінің мәні 23,0%, 5 151,81 тармаққа дейін өсті.
- Акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері 20,8% немесе 5,6 трлн теңгеге 32,3 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 4,3%, 14,1 трлн теңгеге дейін өсті.
- 2024 жылдың басынан бері листинг процедурасынан 15 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары өтті: біреуі акциялар секторында, біреуі KASE Global секторында және 13 корпоративтік облигациялар секторында.
- 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 698 эмитенттердің 252 атауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар болды.
Акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері 20,8%, немесе 5,6 трлн теңгеге 32,3 трлн теңгеге (69,4 млрд USD) дейін өсті. Бұл ретте 2024 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 4,8% немесе 1,5 трлн теңгеге өсті. Екінші тоқсанда өсімнің негізгі үлесі KASE Индексі компанияларына олардың акцияларының бағасын түзету есебінен келді.
2024 жылдың маусымның аяғында KASE сауда-саттық тізімдерінде 85 эмитенттің 100 атаудағы акциялары, оның ішінде листингілік емес бағалы қағаздар секторында – екі компанияның екі атаудағы акциялары болды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Биржаның ресми тізіміне бір эмитент – Эйр Астана АҚ акциялары енгізілді.
2024 жылдың алты айында акциялармен сауда-саттық көлемі 154,4 млрд теңгені құрады және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4,9% немесе 7,1 млрд теңгеге өсті. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 1,3 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,9 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны – 6 557 (қайталама нарықта – 6 257), бір мәміленің орташа көлемі – 194,6 мың теңгені (қайталама нарықта – 138,7 мың теңге) құрады.
Бастапқы нарықта сауда-саттық көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,2 млрд теңгеге ұлғайып, 49,3 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың мамырында Teniz Capital Investment Banking АҚ 20 млн теңге сомасына 100,0 мың жай акция орналастырды. Орналастыру нәтижелері бойынша барлық көлемді жеке тұлғалар сатып алды.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,6% немесе 42,1 млрд теңгеге төмендеп, 105,0 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың екінші тоқсанында сауда-саттық көлемі 61,6% немесе 2024 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 68,7 млрд теңгеге төмендеп, 42,8 млрд теңгені құрады.
Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде қайталама нарықта жеке тұлғалардың үлесіне акциялармен мәмілелердің жиынтық көлемінің 62,1%, банктердің үлесіне – 1,7 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 18,8%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,6%, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 14,8% тиесілі болды. Бейрезиденттердің үлесі 7,8%-ды құрады.
KASE ИНДЕКСІ
KASE Индексі 2024 жылдың шілдесінің басында тарихи максимумдарды жаңарта отырып, одан әрі өсуді жалғастырды. 26 наурыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Индекс 5 000 тармақтан асты. Жыл басынан бері KASE Индексі 23,0%, 5 151,81 тармаққа дейін өсті. 2024 жылдың екінші тоқсанында KASE Индексінің өсуі 1,5%-ды құрады.
Индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемі 73,3 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың ең көп көлемі Эйр Астана АҚ жай акцияларына тиесілі болды – 12,9 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 17,6%).
KASE-де индекстік себеттің он өкілінің жетеуі жасыл аймақта жабылды. Бұл ретте өсім көшбасшылары қаржы секторының акциялары болды.
Банк ЦентрКредит АҚ жай акцияларының бағасы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 85,9% өсті. Банк S&P Global Ratings агенттігінің Банктің рейтингтері бойынша болжамды "Тұрақты"-дан "Позитивті"-ге көтергені туралы, сондай-ақ Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін "BB-/B" деңгейінде растағаны туралы хабарлады. Банк 2023 жылға дивидендтер төлеуден бас тартты.
Құнының 53,6% өсуімен екінші орынды Кселл АҚ телекоммуникация секторы өкілінің жай акциялары алады. Компания таза пайданың жыл ішінде 18,5%, 32,9 млрд теңгеге дейін және 2024 жылдың бірінші тоқсанында 78,2%, 2,8 млрд теңгеге дейін төмендегені туралы есеп берді, сондай-ақ 2023 жылға дивидендтер төлеуден қалыс қалды.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жай акциялары 38,8%, 63 302 теңгеге дейін өскен Kaspi.kz АҚ көшбасшыларының үштігін жабады. Компания 2023 жыл үшін және 2024 жылдың бірінші тоқсаны үшін қаржылық есептерді жариялады, оған сәйкес таза пайда тиісінше 44% және 28% өсті. Компания акционерлері 2023 жылға және 2024 жылдың бірінші тоқсанына жай акциялар бойынша бір акция үшін 850 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады.
KEGOC АҚ акциялары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын 0,5% шамалы төмендеумен жапты. Компанияның 2023 жылғы қаржылық нәтижелеріне сәйкес таза пайда 60% ұлғайды. 2024 жылдың бірінші тоқсанында өсім 58,9%-ды құрады. Бұдан басқа, компания 2023 жылдың екінші жартыжылдығына дивидендтер төледі, олардың мөлшері бір акцияға 79,50 теңгені құрады.
КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР
2024 жылдың алты айының қорытындысы бойынша KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 4,3% немесе 575,1 млрд теңгеге 14,1 трлн теңгеге дейін (30,2 млрд USD) ұлғайды. Бұл ретте 2024 жылдың екінші тоқсанында корпоративтік борыш көлемі 4,5% немесе 610,2 млрд теңгеге өсті.
2024 жылдың 01 шілдесінде KASE сауда-саттық тізімдерінде 117 эмитенттің корпоративтік облигацияларын 443 шығару болды. Жыл басынан бері KASE ресми тізіміне 42 эмитенттің (он үш жаңа) облигацияларының 65 шығарылымы енгізілді, оның ішінде 2024 жылдың екінші тоқсанында листинг процедурасынан 28 эмитенттің (бес жаңа) 44 шығарылымының облигациялары өтті: Бәйтерек ҰБХ АҚ мен Home Credit Bank АҚ-ның бес шығарылымынан, Аграрлық несие корпорациясы АҚ мен Қазақстан тұрғын үй компаниясы АҚ-ның үш шығарылымынан, Қазақстанның Даму Банкі АҚ, Өнеркәсіпті дамыту қоры АҚ, KMF (КМФ) микроқаржы ұйымы АҚ және R-Finance микроқаржы ұйымы ЖШС екі шығарылымынан және Сары-Арқа әуежайы АҚ, ASIA PARK (АЗИЯ ПАРК) ЖШС, Авеста-Қарағанды ЖШС, FinQ ЖШС, BASS Gold ЖШС, Қазақстан Халық Банкі АҚ, Банк Bank RBK АҚ, КазАгроҚаржы АҚ, Капиталинвест МҚҰ ЖШС, ЭКО – Финанс МҚҰ ЖШС, Swiss Capital (Свисс Капитал) МҚҰ ЖШС, ЮНИКРЕДО МҚҰ ЖШС, Orbis Leasing ЖШС, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясыұлттық компаниясы АҚ, Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы АҚ, Сапфир Инвест ЖШС, Еуразиялық Капитал АҚ, Қайнар-АКБ ЖШС, MyCar Finance МҚҰ ЖШС және Orient Group KZ ЖШС бір шығарылымынан өтті.
KASE_BMY Индексі (негізгі алаңның корпоративтік облигацияларының кірістілік индексі) жыл басынан бері 35 б.т. төмендеп, жылдық 14,10%-ға жетті.
Алты айда сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,2% немесе 533,6 млрд теңгеге ұлғайып, 1 555,0 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 12,9 млрд теңгені (қайталама нарықта – 1,9 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны – 311 (қайталама нарықта – 297), бір мәміленің орташа көлемі – 41,3 млн теңгені (қайталама нарықта – 6,5 млн теңге) құрады.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 1 322,3 млрд теңгеге 39 эмитенттің облигацияларының 63 шығарылымы орналастырылды, бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішінен 78,3% немесе 580,6 млрд теңгеге жоғары. Оның ішінде екінші тоқсанда орналастыру көлемі 716,3 млрд теңгені құрады, 25 эмитент өз облигацияларының 34 шығарылымын орналастырды:
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР (МБҚ)
2024 жылдың алты айының қорытындысы бойынша KASE-де саудаланатын номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы жыл басынан бері 6,7% немесе 1,6 трлн теңгеге ұлғайып, 25,4 трлн теңгені (54,7 млрд USD) құрады. 2024 жылдың екінші тоқсанында мемлекеттік қарыз сомасы 5,3% немесе 1,3 трлн теңгеге өсті.
KASE-де МБҚ-ның сауда-саттығының жиынтық көлемі 4,7 трлн теңгені құрады және 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,1% немесе 307,4 млрд теңгеге төмендеді. Алты айдың қорытындысы бойынша орташа күндік сауда-саттық көлемі 39,2 млрд теңгені (қайталама нарықта – 8,3 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны – 19 (қайталама нарықта – 11), бір мәміленің орташа көлемі – 2,1 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,8 млрд теңге) құрады.
МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 2,8% немесе 105,9 млрд теңгеге 3,7 трлн теңгеге дейін төмендеді. Оның ішінде 119,5 млрд теңгені 12 облыс, Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктері жылдық 0,02-0,35% (мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясындағы іс-шараларды қаржыландыру мақсатында) тартты. Қаржы министрлігі 0,8 жылдан 15,9 жылға дейінгі мерзіммен 34 шығарылым (бес жаңа шығарылым және 29 шығарылым ірілендірілді) орналастырып, жылдық 10,74-13,50 % өтеу кірістілігімен 3,6 трлн теңге тартты.
2024 жылдың екінші тоқсанында орналастыру көлемі 1,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы орналастыру көлемінен 1,1% жоғары. Оның ішінде 119,5 млрд теңгені әкімдіктер, Қаржы министрлігі – 1 756,9 млрд теңге тартты. Қаржы министрлігінің аукциондарындағы орналастыру мөлшерлемесі жылдық 10,74-13,50 % диапазонында қалыптасты.
Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде 2024 жылдың алты айында банктерге 53,3%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,1%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 42,3%, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 4,4% тиесілі болды. МБҚ-ның бастапқы нарығындағы бейрезиденттердің үлесі 0,1%-дан аз болды.
Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 16,6%-ға немесе 201,6 млрд теңгеге 1,0 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық Банк ноталарымен қайталама нарықтағы сауда-саттық үлесі – жалпы сауда-саттық көлемінен 51,8% немесе 523,5 млрд теңге, МЕКАМ үлесі – 46,0% немесе 465,0 млрд теңге, Қазақстан Республикасы еурооблигацияларының үлесі – 0,7% немесе 6,6 млрд теңге. Қалған көлем шет мемлекеттердің МБҚ-мен жасалған мәмілелерге тиесілі болды және 1,5%-ды немесе 14,8 млрд теңгені құрады.