2023 жылдың 6 айында Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 11,38 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 14,8% артық (2022 жылдың 6 айында 9,92 трлн теңге).
Қарастырылып отырған кезеңдерде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің құрылымы бірдей: ең үлкен үлесті салық түсімдері мен трансферттер түсімдері құрайды.
Бұл ретте салық түсімдері дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып қала береді, яғни, 2023 жылғы 1-жартыжылдықта барлық кірістерден 78,9% (8,98 трлн теңге), (2022 жылғы 1-жартыжылдықта 72,1% (7,15 трлн теңге) құрайды. Талданатын кезеңдегі салық түсімдерінің құрылымында ҚҚС және КТС басым, олардың үлесіне 2023 жылдың 6 айында тиісінше 29,3% және 26,8% салық түсімдері тиесілі (2022 жылдың 6 айында тиісінше 26,0% және 27,8%).
Трансферттер түсімдері мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің төрттен бір бөлігін құрайды. Ол 2023 жылғы 1-жартыжылдықта 18,8% (2022 жылғы 1-жартыжылдықта 24,6%) тең.
Осылайша, талданып отырған кезеңде Ұлттық қордан трансферттер 2,14 трлн теңгені құрады, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 1,20 трлн теңге, нысаналы трансферттер – 0,94 трлн теңге (2022 жылғы 1-жартыжылдықта 2,44 трлн теңге, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 2,23 трлн теңге, нысаналы трансферттер – 0,21 трлн теңге).
Салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіндегі ең аз үлесті алады: 2023 жылғы 1-жартыжылдықта тиісінше 1,7% (0,20 трлн теңге) және 0,6% (0,07 трлн теңге) (2022 жылғы 1-жартыжылдықта тиісінше 2,2% (0,21 трлн теңге) және 1,1% (0,11 трлн теңге).